Қазақстанда әйелдер жалпы халық санының 51%-ын алады және жұмыспен қамтылған халық үлесінде де іс жүзінде жартысын - 49%-ын құрайды. Бұл ретте әйелдер кәсіпкерлігінің ЖІӨ-дегі үлесі 39%-ды құрайды. KMF клиенттерінің 58%-ы да әйелдер. Сондықтан компания кәсіпкер әйелдерді бизнесін дамытуға арналған қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ бейқаржылық, оның ішінде тегін негізде қызметтер көрсету өзінің міндеті деп біледі. Қазақстанның ең ірі микроқаржылық ұйымы - KMF пен «KMF-Демеу» корпоративтік қоры көптеген жылдар бойы кәсіпкер әйелдерге қолдау таныту тұрғысында әртүрлі жұмыстар жүргізуде.
Компаниямыздың негізі қаланған сәттен бастап әйелдердің оның дамуында шешуші рөл атқарғандығы артық айтқандық емес. Бұл біздің алғашқы қарыз алушыларымыз, кейінірек басқа да мыңдаған жауапты, жігерлі, мақсатына ұмтыла білген әйелдер. Бойларындағы күш-жігерінің, әйелдік түйсігі мен өз отбасыларына ең жақсысын беруге деген ұмтылысының арқасында олар дамып, кәсіпкерліктің оң тәжірибесін көрсетті. ҚМК-ның әйелдер клиенттік базасы өте ауқымды, оның 63%-ы ауылдық жерлерде тұрады, осылайша әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидатын іске асырады.
KMF Isker hanymy жобасы аясында ҚМК клиенттері бейқаржылық қызметтер кешенін пайдалана алады:
- Арнайы оқыту іс-шараларына, конференцияларға қатысу, басқа бизнесмендермен тәжірибе алмасу
- «Әйелдер кафесіне» - кәсіпкер әйелдер арасындағы қарым-қатынас пен сарапшылардан білім алудың жаңа форматына қатысу
- Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік дағдылар жөніндегі тегін тренингтер
- Кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламалары
Өзіңізді көшбасшы әйел ретінде көрсетіңіз. Басқа әйелдер сізді көруі үшін қолыңызды жоғары көтеріңіз
Бұл бөлімде сіз өзекті KMF өнімдері туралы ақпаратты тауып, Серіктестік Бағдарлама туралы ақпаратты, жобаның жаңалықтары мен анонстарын біле аласыз.
Бұл жерде сіз жаңа нарықтар мен клиенттерге, маркетинг, басқару, сату құралдарына қол жеткізе аласыз. Мұнда олар өздерінің лайфхактарын жазып, өте тәжірибелі кәсіпкерлер өз білімдерімен бөліседі.
Бұл жерден сіз ҚМК, КМФ-Демеу, Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі серіктестер мен іс-шаралар ұйымдастырған, болып кеткен және енді болатын семинарлар, вебинарлар және тренингтер жайында біле аласыз.
Сіз және Сіздің бизнесіңіз үшін пайдалы, әрі өзекті ақпаратты алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Ең үлкен сәтсіздік – бұл тырыспау. Егер мен өмір бойы маған: «Сен сәтсіздікке ұшырайсың. Бұл іске аспайды. Сенде .... жоқ» дегендердің барлығын тыңдай берген болсам, бүгінгі таңда бұл жерде болмас едім