Анар Исаева: Маған қайырымдылықпен айналысқан, жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге көмектескен ұнайды

Анар Исаева 15 жылдан бері қоғам игілігі үшін еңбек етіп келеді және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін біршама жақсартуға атсалысып жүр. Оның «Ақжанель» деп аталатын медициналық оңалту орталығына жыл сайын мыңдаған адам келеді. Ал орталықтың құрылуы Анардың отбасындағы қайғылы оқиғадан кейін басталды.

Анар Исаева бала кезінен медицина қызметкері болуды армандаған. Алайда оның студенттік шағы тоқырау кезеңімен тұспа-тұс келді, сол себепті ол медициналық білім ала алмады. Есесіне ол химия-биология факультетін тәмамдап, заңгер, содан кейін фармацевт мамандығын қосымша игеріп алды.

2006 жылы Анардың өмірінде қайғылы жағдай орын алды, әкесі жүрек талмасына ұшырап, қайтыс болды. Бұл Анарды қатты күйзелткен орны талмас қаза болды. Дәл сол кезде Анар сырқаттанған адамдарға көмектесемін деп шешті. Осылайша оңалту орталығын ашу идеясы пайда болды. Анардың жолдасы да оны бірден қолдай кетті. Олар идеяларын жүзеге асыруды бірге қолға алды.

«Білмеймін, ата-анамның тәрбиесі ме әлде ұлттық идеология ма, бірақ қарттар мен мүгедек адамдарға көмектесу менің өмірлік ұстанымыма айналды. Кез келген қазақ әйелі сияқты мен де отбасымды бірінші кезекке қоямын. Бірақ мен барлық адамға жәрдемдескім келеді. Маған қайырымдылықпен айналысқан, жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге көмектескен ұнайды», – дейді Анар.

Барлығын басынан бастадық деуге болады. Бізде не қажетті техника, не білікті мамандар болмады, есесіне осы әлемді және адамдардың өмірін жақсартуға деген үлкен құлшыныс болды. Сол кезде – 15 жыл бұрын – орталығымыз өте шағын еді, онда тек 12 қызметкер жұмыс істеді, олар бар-жоғы 10-15 науқасқа қызмет көрсете алатын. Бүгінгі таңда Анардың командасы отыз адамды құрайды, орталыққа адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді. «Ақжанель» орталығында жылына кем дегенде екі мың бала мен ересек денсаулығын түзейді.

анар 3.jpg


«Менің ойымша, бизнестегі табысты тапқан ақшаның пайызымен өлшеу дұрыс емес. Қанша жыл өтсе де, бизнесімнің бар болғаны, өркендеп жатқаны – мен үшін ең маңызды көрсеткіш және үлкен жетістік. Орталығымыздың сенімді әрі әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындардың тізіліміне енуін бізге берген жоғары баға деп есептеймін», – деп ойын бөлісті Анар.
Анар және оның командасы жаңа технологиялардың пайда болуын мұқият қадағалайды, олар әр емделушіге сапалы көмек көрсету үшін емдеу аппараттарын мүмкіндігінше жиі жаңартып отыруға тырысады. Анардың кәсібі әлеуметтік бизнес қатарына жатады, сондықтан айтарлықтай табыс әкелмейді. KMF Isker Hanymy сынды айтулы байқауда жеңімпаз атану оған жақсы демеу болды. Анар Бас жүлдені жеңіп, 1 000 000 теңгенің сертификатын иеленді.

«Осы байқауда жеңімпаз атану – мен үшін зор жетістік. Мен жеңісімді қызметкерлеріме арнаймын, себебі солардың арқасында осындай марапатқа қол жеткізіп отырмын. Менің ұжымым – менің отбасым. Біз балалардың, қарттардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың саулығы үшін жұмыс істейміз. Бірінші байлық – денсаулық деген сөз бар. Ал ақ халатты абзал жандар – адам жанының делдалы. Сондықтан мен біздің кәсіп ең адал, игілікті және абыройлы деп есептеймін. Біз барлығын адамдар үшін жасаймыз», – деп ойын түйіндеді Анар.
Анар бес жылдан кейін өмірінде не болатынын болжағысы келмейді, бірақ, әрине, оның үлкен мақсаттары мен армандары бар. Оның жоспарларының бірі – көп адам көмек ала алуы үшін жаңа оңалту орталықтарын ашу.

Анар Исаева, «Ақжанель» оңалту орталығының негізін қалаушы, Талдықорған қаласы

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз