Лола Сагитованың оқиғасы ішкі жан дүниеңді тыңдап, жаның қалаған іспен айналысу қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді. Лола қаншама жылдан бері игі іс жасап келеді – Талғар қаласындағы жеке коррекциялық орталығында балаларды дамытумен және оңалтумен айналысады.
Лола Сагитова өзінің кәсіби жолын педагогика саласында дефектолог-логопед болып жұмыс істеуден бастады. Алайда Кеңес одағы ыдырағанда қаржылық қиындыққа тап болды. Бір нәрсе ойластыру керек болды, осылайша Лола саудаға бет бұрды. Ол базардан орын алып, саудамен айналысып кетті. Лоланың айтуынша, ол бірден «тірі» ақшаның дәмін сезді, өмірі жақсарып, балаларды асырау да жеңілдей түсті.
Бірақ жанына жақын ісі Лоланы жібермеді, ол мамандығы бойынша жұмыс істегісі келді. Ол негізгі қызметімен қатар үйінде балаларды қабылдап, оларды дұрыс сөйлеуге үйретті. Бастапқыда сүйікті ісінен ләззат алу үшін арасында жұмыс істеп жүрді. Бірте-бірте клиенттер көбейе бастады, адамдар бір-біріне ұзынқұлақ арқылы жеткізе бастады. Келушілер санының артқаны соншалық, Лолаға сауданы не педагогиканы таңдау керек болды. Нәтижесінде Лола Сагитова базармен қош айтысып, жеке логопед кабинетін ашуға бел буды.
Жеке кабинет деген оңай естілгенімен, іс жүзінде қиындықтар көп болды. Кабинетті жалға алу, пайдалану, жабдық сатып алу біршама шығынды талап етті, таң атқаннан кеш батқанға дейін демалыссыз жұмыс істеуге тура келді. Сонымен қатар теориялық және практикалық білімін арттыру үшін қазақстандық және шетелдік спикерлердің семинарларына қатысу қажет болды. Лола сол кезде де, қазір де KMF-тің кредиттік қолдауы өте қатты көмектескенін және көмектесіп келе жатқанын айтады.
Фото 1
Әуел баста кәсіпкер кабинеттің жартысын жалға алып, оны массажистпен бөліскен болатын. Біраз уақыт өткен соң массажист басқа ғимаратқа көшіп кетті де, Лола бүкіл кабинетті жалға алды. Кейінірек практикалық оқу өткізетін әріптестер қосылғандықтан, тағы да кеңею қажет болды. Біраз уақыт өткеннен кейін кабинет базасында қазақ тілінде балаларды дамыту орталығын ашу идеясы келді. Бүгінде Лола Сагитованың «Ай, да я!» коррекциялық орталығы – АФК, ЛФК және нейрокоррекцияға арналған қосымша алаңы бар үлкен жай. Қоластында үш қызметкер жұмыс істейді, орталық массажист кабинетімен, сөйлеуі, психосөйлеуі тежелген, аутизм, Даун синдромы және ДЦП диагнозы қойылған балаларға арналған әдістемелік құралдардың үлкен базасы мен арнайы жабдықтармен жабдықталған.
«Мен үшін ең мықты мотивация – жұмысымның нәтижелері, балаларының жетістігіне шаттанып, жүздері бал-бұл жанған ата-аналар», – деп ойын бөлісті Лола
KMF Isker Hanymy байқауында Лола Сагитова айрықша жүлде – «Қазылар алқасынан арнайы сыйлық» марапатын алды. Кәсіпкер ханым байқауда оның бизнесін ескеріп, атап өтетінін мүлде күтпеді. Ол мұндай байқауларда тек қандай да бір зат өндіретін кәсіпкерлер жеңіске жетеді деп ойлаған еді. Ал ол болса қарапайым логопед-дефектолог.
«KMF Isker Hanymy жүлдесі туралы маған менің менеджерім Эльнара және филиалдың басшысы Антонина хабарлаған болатын. Мен ешқандай марапат күтпедім, мен осындай ауқымды іс-шараға қатысып, шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлермен танысамын, тілдесемін, тәжірибе алмасамын, демаламын деп ойладым. Жүлде менің сенімділігімді арттырып, көңілімді тыныштандырды. Ең бастысы – бизнесте дұрыс жол таңдағанымды түсіндім», – дейді Лола
Лола кәсіпкерлерге KMF-пен жұмыс істеуге және қорықпай байқауға қатысуға кеңес береді, өйткені мұның бәрі тұрақтылықты, қаржылық әл-ауқатты қамтамасыз етіп, сүйікті жұмыстан ләззат алуға мүмкіндік береді.
«Менің ойымша, қолыңды бір сермеп, бәрін тастағың келетін сәт келсе де, ең бастысы – үмітіңді үзбей, арманыңнан бас тартпай, алға қарай жылжу керек», - деп атап өтті Лола. Өзі де жеке орталық салуды көздеп жүр, осы үлкен мақсаты мен арманына жету үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Лола Сагитова, «Ай, да я!» коррекциялық орталығының басшысы, Талғар қаласы