Бүгінде талдықорғандық Сильвана Бекишева – балаларға арналған тауарлар сататын үлкен дүкені бар табысты бизнес-тәлімгер. Ол бизнестегі жолын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ даму ерекшеліктері бар балалардың аналарына да қолдау көрсетеді. Ал бір кездері өзі декреттік демалыста болған кезінде Қытайда тауарға тапсырыс беруді, оны онлайн сатуды қалай жүргізуге болатындығын өз бетінше зерттеп, түсінуден бастаған болатын.
Көптеген әйелдер секілді, декреттік демалыс Сильвана Бекишева үшін кәсіпкерлік әлеміне жол ашқан бастапқы нүкте болды. Бірде ол бизнесте бақ сынап көруге уақыт келгенін түсінді, ал декрет – сондай мүмкіндікті беретін тамаша уақыт. Бизнес түрін таңдауда қиындық тумады – Сильвана балалар дүкенін ашуды бұрыннан армандайтын. Бастапқы капиталы азғантай болды – бар-жоғы 60 мың теңге, дегенмен ол тәуекелге бел буады. Сильвана онлайн-дүкен ашып, бизнесін үйде отырып дөңгелетті – бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыстарды жіберіп отырды.
«Біртіндеп тауар айналымы өсе бастады да мен жеке кәсіпкер ретінде KMF-тен қарыз алуды шештім. Бұл банкке алғысымды айтқым келеді, өйткені тек осы жерде ғана маған кәсіпкер ретінде сенім білдірді», – деп еске алады Сильвана.
Біртіндеп тауар саны артып, клиенттер қатары көбейіп, қосымша орындар мен көмекшілер қажет болды – осылайша, Сильвана офлайн-дүкен ашты. Қазіргі таңда Талдықорған қаласының орталығында орналасқан, 70 шаршы метрді алып жатқан дүкен сатып алушылардың ыстық ықыласына бөленген. Туғаннан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған тауарларға маманданған бұл дүкенде баланы дамытуға қажеттінің барлығы бар.
Сильвананың айтуынша, оның жолы болды – бизнесті бастау оңай болды және тез дамып кетті. Бірақ содан кейін пандемия басталды. Бұл кезең оған қиынға соқты, тіпті, бетбұрыс әкелді деуге болады. Сильвана ол кезде бүкіл Қазақстан бойынша көтерме саудаға көшкен болатын, алайда коронавирустың кесірінен оның барлық тауары жарты жылдап кешіге бастады. Тауар айналымында миллиондаған шығынға ұшырады. Сильвана барлығын қайта бастауға мәжбүр болды. Осы сәтте ол KMF-ке қайта жүгінді және осылайша, барлық процесті біртіндеп жолға қойды.
Бизнестегі жолын бастаған сәттен Сильвана өзінің ісін дамытып қана қоймай, сондай-ақ өзі тап болған жағдайларды әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіп отырды. Алдымен пайдаланушылар оны жәй ғана бақылап жүрді, кейінірек «Дүкенімді қалай ашсам болады?» деп, жекесіне шыға бастады.
«Мен басқа аналарға көмектесуді шештім, өйткені өзім де декретте болдым, әйелдерге қаншалықты қиын екенін түсінемін. Дүкенді автоматтандырған кезде бос уақытым көбейе бастады, ендеше неге білгенімді бөліспеске, деп ойладым. Сұраулар көп болды, барлық қаладан түсе бастады, көбісі кеңес сұрады.
Ақырындап мен тегін консультация бере бастадым, кеңестерімді айтып жүрдім, сосын ресми түрде оқытуға, тәлімгер болуға болады деген ой келді. Осылайша, мен оқу бағдарламаларын жаза бастадым. Бүгінде менің Қазақстан бойынша 5000 астам оқушым бар. Менің оқушыларым жүзден астам дүкен ашты», – деді Сильвана
Қазіргі таңда Сильвана көпшілікке арналған ақылы оқу өткізеді. Бірақ тегін бағыты да бар: әйелдерге қолдау көрсететін қорлар кәсіпкерге даму ерекшелігі бар балалардың аналарын оқытуды ұсынды.
«Мұндай аналарға өте қиын. Оңалту көп шығынды қажет етеді, сондықтан бас тарта алмадым. Біз 60 ананы оқыттық, қазір бұл әйелдер Қытайдан өндірушінің бағасымен тауарлар алдырады. Яғни, олар бизнеспен айналыспағанның өзінде де, сатып алуға жұмсалатын шығынды азайтып, үнемдей бастады. Алайда көпшілігінің оқудан кейін онлайн-бизнес ашып, үйде балаға күтім көрсетумен қатар, табыс тауып отырғаны қуантады», – дейді Сильвана.
Сильвананың жұмысындағы осы әлеуметтік бағыт KMF Isker Hanymy жүлдесінде негізгі фактор болды – ол «Әлеуметтік бизнес» номинациясының жеңімпазы атанды. Көп жылдан бері KMF-тің клиенті болса да бірінші рет байқауға қатысуға шешім қабылдаған.
«Біздің қаладағы менеджерлер өте пысық, үнемі бизнес-таңғы асқа, мастер-классқа шақырып жүреді, әрдайым бізді бірдеңеге қатысуға үгіттейді. Бұл байқауға қатыстым, өйткені менеджерім: «Сильвана, сіз лайықсыз, сіз талаптанып көруіңіз қажет» деп жігерлендірді. Мен ештеңеден үміттенбедім, жай ғана іс-шараға қатысып көңіл көтеремін, басқа кәсіпкер әйелдермен кездесіп, тілдесемін деп келдім, ал нәтижесінде жеңімпаз атандым», – деп еске алады Сильвана.
Сильвана Бекишева – сыртқы жағдайлар аяқтан шалса да, алға жылжудың қаншалықты маңызды екендігіне жарқын мысал. Жәй ғана өз күш-жігеріңізге сеніп, айналысқан ісіңізді жақсы көру керек.
Сильвана Бекишева, Қытаймен бизнес жасау жөніндегі сарапшы, Талдықорған қаласы