Татьяна Адиетова: Әлеуметтік бизнес – бұл табыс табу емес, бұл адамдарға көмек беру

Күрделі, кейде қажытатын, сөйте тұра эмоциялық қайтарымы мол еңбек.
Қазақстандағы әлеуметтік бизнестің жарқын өкілдерінің бірі – Татьяна Адиетова. 2017 жылдан бастап ол елімізде қарттарға арналған үйлер ашып, дамытып келеді. Бұл бизнесті бастауға кездейсоқ кездесу түрткі болған.

Кәсіпкер Татьяна Адиетованың оқиғасы өмірімізде ешнәрсе кездейсоқ болмайтындығына сендіреді. 2010 жылы ол Ресейге жұмыс бабымен аттанған жолдасы Ержан Адиетовпен бірге барады. Ерлі-зайыптылар коммуналдық пәтер жалдайды, Ұлы Отан соғысына қатысқан екі әжеймен көрші тұрады. Жалғызілікті зейнеткерлер Татьяна мен Ержанды бей-жай қалдырмады, өздері айтқандай – «шамасы, қазақи менталитетіміз әсер етті». Ерлі-зайыптылар қарт көршілеріне аздап көмектесе бастайды. Қазақстанға оралатын уақыт келгенде Адиетовтар әжейлердің хал-жайын ойлап, уайымдайды.
Бірде Адиетовтар бұрынғы көршілерінің бірінен жан тебірентер хат алады – әжей Татьяна мен Ержанға өздеріне көңіл бөліп, қамқорлық танытқандары үшін алғыс айтқан. Дәл осы хат Татьянада туып-өскен Қарағанды қаласында қарттарға арналған үй ашу туралы ойдың туындауына түрткі болады. Әрине, мұндай ойды бір күнде жүзеге асыру мүмкін емес. Көп уайымдап, көп күмәнданады, өйткені бұл өте жауапты, шығыны мол іс. Бірде күйеуі Татьянаға айтқандай: «Бұл істі бір бастаған соң, тастап кетуге болмайды».

Татьяна мен Ержан қарттарға арналған алғашқы үйді 2017 жылдың басында ашты.

Ол жиырма адамға арналды. Бастапқыда ерлі-зайыптылар апаттық күйде тұрған ғимаратты жалға алып, кейін сатып алады. Адиетовтар жанұясы оны қалпына келтіріп, жөндейді. Әрине, бұл олардың қалтасына ауыр тиеді.  

«Жасыратын несі бар, бастапқы кезде қиын болды! Біз жеке қарттар үйін бірінші болып ашқандықтан, ақыл-кеңес сұрайтын ешкім де болмады. Дамытуға қаражат аз болды, сондықтан қиналған сәтте KMF қаржылық қызметін пайдалануды шештік. Бұған дейін де мен көп жылдар бойы осы ұйымның кредитін пайдаланған болатынмын. Маған бұл компанияда жұмыстың жолға қойылуы, өтінімді тез қарауы, тамаша менеджерлер, өз ісінің мамандары ұнады. Міне, KMF-тің қолдауы арқасында, қазіргі таңда «Благодать» деп аталатын қарттар үйінің тұтас желісі жұмыс істеп тұр», – деді Татьяна.

татьяна 2.jpg


Айта кету керек, бүгінде Татьяна өзінің өңірінде ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша ашылған жеке қарттар үйінің ең үлкен желісіне ие. Қарағандыда алты үй, Астанада бір үй және Қостанайда екі үй жұмыс істейді. Бұл аталар мен әжелер жәй ғана тұрып жатқан жер емес. Мұнда қарт кісілердің толыққанды өмір сүруіне, тамақтануына, медициналық күтім алуына және демалысына жағдай жасалған. Татьянаның командасы «Благодать» қарттар үйінде үйдегідей жайлы атмосфераны жасауға тырысып қана қоймай, сонымен қатар қамқорындағы адамдардың мәдени демалысын да үнемі ойластырады. Адиетовтар жанұясын әлеуметтік қызмет көрсету саласының үздік өкілдерінің бірі деп сеніммен атауға болады.

Татьяна KMF Isker Hanymy жүлдесі туралы өзінің менеджерінен білді. Шүбәсі болмады – қатысу керек деп шешті. Әрбір әлеуметтік кәсіпкер үшін кез келген қаржылық көмек алтынға тең болса да жеңіске жету және ақшалай жүлде алу басты мақсат болған жоқ, өзі туралы айтудың, тәжірибе бөлісудің, шағын және орта бизнестің басқа өкілдерімен танысудың үлкен мүмкіндігі деп қарады. Сондай-ақ, бұл жүріп өткен жолыңа қарап, қаншалықты көп іс атқарғаныңды көрудің тамаша мүмкіншілігі.

общая бейсенкуль, радина, татьяна.jpg


«Байқаудың жақсы ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Біздің өміріміздің басым бөлігі жұмысқа арналған. Сондықтан әйелдер байқауға қатысып, расымен де өздерінің үздік және құрметке лайық екендерін сезіне алады. Бұл бірінші болуға ынталандырады. Мен кәсіпкер әйелдердің барлығына байқауға қатысуға кеңес беремін, өйткені бұл жаңа байланыстар, жаңа таныстар және өзіңді алға итермелейтін күш-қуат. Бұл жаңа және қызықты нәрсеге деген үлкен мотивация. Бұл табыстылықтың ерекше сезімі. KMF командасына алғыс айтқым келеді. Біз осы қолдауды сезінеміз», – деп атап өтті Татьяна.


Татьяна мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. Жақын арада ол өз ісін әрі қарай дамытуды және қазіргі уақытта өте қажет жаңа әлеуметтік қызметтер көрсетуді жоспарлап отыр. Әрине, еліміздің басқа қалаларында да қарттар үйін ашуды көздейді.

Татьяна Адиетова, «Благодать» қарттар үйі желісінің негізін салушы, Қарағанды қаласы