Ян Радина: Мен бұл шарада өзім секілді мақсаты айқын, еңбекқор әйелдерді кездестірдім

Бүгінгі таңда талдықорғандық Радина Ян – өзінің туған қаласында қоғамдық тамақтану орындарының желісін дамытып жатқан табысты кәсіпкер әйелдің жарқын мысалы. Оның кәсіпкерлік жолы сонау Кеңес Одағы кезінде Талдықорған тігін фабрикасында заң кеңесшісі болып жұмыс істеген кезде басталды. Қайта құрудан кейін, сол кездегі көптеген әйелдер сияқты, Радина да өз жолын табу үшін саудаға бет бұрды. Алайда оның жанына жақын кәсіп қоғамдық тамақтану саласы болды, осылайша ол 2006 жылы осы кәсіпті қолға алды.

Қоғамдық тамақтану саласында жеке бизнес ашу идеясы Радинаға бірден келген жоқ. Қайта құрудан кейінгі алғашқы жылдары ол ақша табудың түрлі жолдарын іздеді, өзін әртүрлі салада сынап көрді. 2006 жылы қоғамдық тамақтану саласындағы мүмкіндіктерді байқаған ол тәуекелге бел буып, өз кәсібін ашты. Басында оңай болған жоқ: ақша жетпеді, қолхат жазып, пайызбен қарызға ақша алған кездер де болды. Дәл осы кезде оның бизнесінің өркендеуіне зор қолдау көрсеткен KMF пайда болды.

«Әуел баста менің бір ғана сауда орным болды, мен ол жерде салат саттым», - деп еске алады Радина. «Мен ол салаттарды ас үйімде жасап, шағын дүңгіршікте сататынмын. Қолымнан ештеңе келмейді деп үміт үзген кездерім де болды. Бірақ өз ісіме сенім және қандай да бір жетістікке жетуге деген ұмтылыс мені алға жетеледі».
Бүгінде Радинаның бизнесі айтарлықтай ұлғайған: оның Талдықорғанның әртүрлі сауда үйлерінде төрт сату нүктесі, асханасы, дәмханасы, буфеті және мейрамханасы бар. Радина мұндай зор жетістікке тынымсыз еңбек пен KMF қолдауының арқасында қол жеткізіп отыр.

Радина KMF Isker Hanymy жүлдесі туралы естігенде, бірден қатысуға шешім қабылдады. «Мен бұл шарада өзім секілді мақсаты айқын, еңбекқор әйелдерді кездестірдім» - дейді Радина. «Бұл кездесулер маған шабыт берді, өзім сияқты арманшыл әрі талапшыл жандар көп екеніне көзім жетті». Осы шарада Радинаның жетістіктері атап өтіліп, жұмысына баға берілді. Ол 2021 жылы «Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында, ал 2022 жылы «Қазылар алқасынан арнайы сыйлық» номинациясында жеңімпаз атанды


«КMF қаржылық мәселелерімді шешуге көп көмектесті, бизнесімнің қалыптасуына зор қолдау көрсетті», - деп ойын бөлісті Радина. «КMF-тің көмегінсіз мен өз ісімді тез дамыта алмас едім.
Осы қолдаудың арқасында мен қаржылық тұрақтылыққа қол жеткіздім, кәсібімді кеңейттім және 57 адамнан тұратын мықты ұжым құрдым. Мен оларды отбасымдай көремін, біз бәріміз бірге әлі талай шыңдарды бағындырамыз».

общая бейсенкуль, радина, татьяна.jpg


Алдағы бес жылда Радина өз ісін әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр. «Жұмыс, жұмыс, тағы да жұмыс. Ал содан кейін өмір бағыт-бағдар береді, ал түйсігім дұрыс жолды таңдайды», - дейді Радина. «Менің жүзеге асырғым келетін идеяларым өте көп, осындай командамен және КMF қолдауымен көп жетістіктерге жететініме сенімдімін».

Ол басқа кәсіпкерлерге де КMF-пен ынтымақтасуға және «KMF Isker Hanymy» байқауына қатысуға кеңес береді, себебі мұндай мүмкіндіктер қаржылық мәселелерді шешуге көмектеседі және өз күш-жігеріне деген сенімділік береді. «KMF Isker Hanymy» сынды жобалар жаңа мүмкіндіктер ашады, дамуға серпін береді және үлкен істерге жетелейді» - дейді Радина.

Ян Радинаның оқиғасы – табандылық пен еңбекқорлықтың табысқа қалай әкелетінінің жарқын мысалы. Оның бизнестегі жолы тіпті ең қиын бастамалар да, егер сіз арманыңыздан бас тартпасаңыз және оған жету үшін жұмыс істеуді жалғастырсаңыз, зор жетістіктерге алып келетінін айғақтайды.

Ян Радина: Қоғамдық тамақтану саласындағы табыс жолы, Талдықорған қаласы

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз