5 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында KMF Банк пен «KMF-Демеу» корпоративтік қоры бірлесіп өткізетін KMF ISKER HANYMY 2026 ұлттық бизнес-премиясының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Бизнес – өнер» тұжырымдамасымен өткен алтыншы маусымға 1000-нан астам өтінім түсіп, финалға 90 кәсіпкер әйел шықты, олардың 24-і марапатқа ие болды.
Гран-при мен 2 млн теңгені тәтті жүгері өсіріп, өңдейтін және өнімін Қазақстан бойынша әрі экспортқа жеткізетін шымкенттік Динара Әуезмұратова жеңіп алды. Негізгі номинациялар бойынша (әрқайсысы 1 млн теңге) Гүлжайнар Ілясова, Екатерина Кайманакова, Маржан Кушенова және Ақмарал Маликова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ арнайы номинациялар мен «Премия амбассадорлары» номинациясы бойынша марапаттар табысталды. Алты жыл ішінде премия 10 мыңға жуық кәсіпкер әйелдің басын қосты.