Бизнес-шара: Қарауыл ауылындағы агрофорум
2025 жылғы 25 сәуірде Қарауыл ауылының Мәдениет үйінде «Мал шаруашылығына жаңа көзқарас: өсу мен сақтау жолдары» тақырыбында агрофорум өтті.
Іс-шараға барлығы 111 адам қатысты. Оның ішінде КМФ клиенттері және клиент емес қатысушылар — 65 адам, БАҚ өкілдері — 21, 9 ауылдық округтің әкімдері мен әкім орынбасарлары, ауыл шаруашылығы көрмесінің 5 жеткізушісі, 5 спикер, сондай-ақ КМФ және KMF-Демеу қызметкерлері — 15 адам.

Форум тақырыптары
Форум аясында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды:
- ІҚМ басын көбейтудің тиімді тәсілдері
- Мал азықтық шөптерді өсіру технологиясы
- Сиыр етін өңдеудің заманауи әдістері
Іс-шараның мақсаты
Форумның негізгі мақсаты — өңір фермерлеріне тәжірибе алмасу, саланың өзекті мәселелерін талқылау және нарық сарапшыларынан кәсіби кеңес алу үшін тиімді алаң ұсыну.
Агрофорум аграрлық сектор өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өңірдегі ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін берді.