РУС user-profile-filled
Жаңалықтар / анонстар
Бизнес-шара: Талдықорған қаласындағы агрофорум

Бизнес-шара: Талдықорған қаласындағы агрофорум

2025 жылғы 25 сәуірде Талдықорған қаласының Мәдениет үйінде «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің тиімді тәсілдері» тақырыбында агрофорум өтті.

Іс-шараға барлығы 107 адам қатысты. Оның ішінде 63 клиент, 5 спикер, КМФ және KMF-Демеу ұйымдарының 16 өкілі, әкімдік жанындағы ауыл шаруашылығы басқармасынан 2 өкіл және ауыл шаруашылығы көрмесінің 21 қатысушысы болды.

0A2A7543.jpg

Форум тақырыптары

  • «Соя: ақылды агротехнологиялар және жаңа нарықтар»
  • «Қант қызылшасы: агробизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер»
  • «Жүгері: егістіктен нарыққа дейін. Бидай өсіру ерекшеліктері»

Сонымен қатар «Фермерлерге арналған заманауи сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында панельдік сессия өткізілді.

Іс-шараның мақсаты

Агрофорумның негізгі мақсаты — өңір фермерлеріне тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылау және нарық сарапшыларынан кәсіби кеңес алу үшін тиімді алаң ұсыну.

Форум ауыл шаруашылығы өндірушілері, мемлекеттік органдар және қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Я - финансовый советник.
Готов помочь!
Өтінім сәтті жіберілді