Жаңалықтар / анонстар
«Финатлон» қаржылық сауаттылық жөніндегі чемпионат

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен «Тұран» университеті ұйымдастырған «Финатлон» қаржылық сауаттылық жөніндегі чемпионаттан видео есепті назарларыңызға ұсынамыз. Ұйымдастырушыларға чемпионат серіктесі ретінде осындай іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіреміз, өйткені қаржылық сауаттылық және оны өскелең ұрпақ арасында арттыру – біздің қорымыздың басым бағыттарының бірі. 

Қазылар алқасының құрамында болған KMF-Демеу Бас директорының орынбасары Әсел Кәрімқызы Шегебаева осы оқиға дарынды жастармен өзара әрекет етуге, оларды қажетті қаржылық іліммен сусындатуға және олардың бойында жауапты ақша басқару мәдениетін қалыптастыруға тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. Чемпионатқа қатысушылар қаржылық сауаттылық саласындағы білімін паш етіп қана қоймай, бизнес жобаларды қорғау сатысында кәсіпкерліктегі жасампаздықтарын және дағдыларын көрсетті. 

Ұсынылған идеялардың көбісі қызықты деп танылды және қазылар алқасы оларды сыйлықтармен марапаттады. Чемпионат жеңімпаздарын және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Жастар арасында қаржылық сауаттылық идеяларын насихаттауда және жүзеге асыруда табыс тілейміз.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз