26 наурызда «KMF-Демеу» қорының бас директорының орынбасары Әсел Кәрімқызы Шегебаева ECONOMIC FUNDAMENTALS INITIATIVE (EFI) қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы экономикалық және қаржылық сауаттылық» атты бір күндік конференцияда спикер болғанын қуана хабарлаймыз. Бұл іс-шараға қатысу біздің Орталық Азия өңірінде экономикалық және қаржылық білім беруді ілгерілетуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.
Конференция барысында Әсел Кәрімқызы экономикалық және қаржылық сауаттылықтың әртүрлі аспектілері туралы ақпаратты және қордың көзқарасын таныстырды, сонымен қатар қазіргі қарқынды дамып жатқан уақытта осы дағдылардың маңыздылығын атап өтті. Әсел Кәрімқызы өз презентациясында Қазақстан халқының экономикалық және қаржылық сауаттылығын арттыруға қатысуда KMF және KMF-Демеу қорының 25 жылдан астам тәжірибесін бөлісті. @sauatty_ekonomika конференция ұйымдастырушыларына осындай игі шараға қатысып, Орталық Азияның қаржы саласындағы өкілдерімен – қызықты спикерлерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынғанына алғыс білдіреміз.
Әр алуан аудиториямен өзара әрекет ете отырып, біз барлығымыз Орталық Азияда экономикалық және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған ақпарат пен ресурстардың таралуына ықпал ететінімізге сенімдіміз.