Осы жылы Өскеменде өтіп жатқан ENACTUS KAZAKHSTAN SUMMER BUSINESS CAMP-те KMF-Демеу командасы жасаған «Кәсіпкер секілді ойлау» тақырыбындағы тренингіміздің қорытындысымен бөлісіп отырмыз.
Қордың Бизнес-жаттықтырушысы Алия бизнес-ойлаудың құндылықтары мен оны дамытудың жаңа өзекті құралдары жайында айтып берді. Тренингке 130-дан астам студент қатысты, олар кәсіпкерлік атмосферасына еніп, теориялық білімді практикада қолданып үйрену мүмкіндігіне ие болды. Тренингте креативті ойлау және стратегиялық жоспарлау дағдыларын дамыту жағына ерекше көңіл бөлінді.
Қатысушылар практикалық тапсырмаларға белсенді түрде қатысып, шынайы кейстерді талдады және жаттықтырушыдан кері байланыс алды. Біз осындай іс-шаралардың жастарға өз әлеуетін ашуға және табысты кәсіпкер болуға көмектесетініне сенімдіміз. Алған білімдері пайдалы болып, оны болашақ жобаларында қолданатын болады деген үміттеміз. Барлық қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!