Ұзынағашта KMF-Демеу қорының және KMF Алматы филиалының қолдауымен 9-11 сынып қыздары арасында волейбол турнирі өтті. Оған Жамбыл ауданының алты командасы және Қарасай ауданының екі командасы қатысты. Жарыс Ұзынағаш ауылындағы спорт кешенінде өтті.
Күні бойы қыздар үздік атану үшін табанды әрі адал ойын көрсетті. Нәтижесінде бірінші орынды 1-ФОК командасы (Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің командасы), екінші және үшінші орынды Қарасай ауданының командалары иеленді.
Турнирдің ауқымдылығы Ұлттық санаттағы төреші, Қазақстан волейболының статисті – Адина Серікқызы Айтбайдың қатысуымен расталады.
Екінші жыл қатарынан осы турнирдің бір бөлігі екенімізді мақтанышпен атап өтеміз. Турнирге қатысушылар бұған дейін KMF және KMF-Демеу сыйға тартқан формада өнер көрсетті. Сонымен қатар қатысушыларға кубоктар, эксклюзивті дизайны бар медальдар, тіскебасарлар, шоколадтар және су берілді. Ал спорт кешеніне волейбол торы және матч есебін жүргізетін табло тарту етілді.
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және турнирдің барлық қатысушыларына табыс тілейміз!