РУС
Жаңалықтар / анонстар
KMF ISKER HANYMY 2024: жаңа форматтағы әйелдер

KMF ISKER HANYMY 2024-жылдың басты оқиғасы, Қазақстанның микрокәсіпкер әйелдеріне арналған премия өтті! Бұл кеш шабытқа, таным мен жаңа мүмкіндіктерге толы болды. Тек қана жағымды естеліктер қалдырып қоймай, сонымен қатар қатысушыларымызға нақты пайда әкелуі үшін біз биыл іс-шараның форматын өзгертуді ұйғардық. Іскерлік компонентке ден қойып, қателеспедік – кеш бізге қосылғандардың барлығының жүрегінен орын тапты.

LW2A1422 копия.jpg

Бағдарламаның ерекше сәні біздің спикерлер болды. Кәсіпкер, блогер және долларлық миллионер Асель Машанова өзінің шабытқа бөлейтін жетістік тарихымен бөлісті, ол көпшілік үшін үлгі болды. Manshuq бұқаралық ақпарат құралы ресурсының негізін қалаушы және Орталық Азиядағы MicroMentor бағдарламасының операторы Аруна Амзе тәлімгерлік пен бизнестегі әйелдерге қолдау танытудың маңыздылығына баса назар аударды. Біз қатысушылардан көптеген оң пікірлер мен алғыстар алдық, бұл осындай бастамалардың маңыздылығы мен өзектілігін растайды.

LW2A0347 копия.jpgLW2A0584 копия.jpg


Біз кеш жеңімпаздарын – қол жеткізген жетістіктері шабыт беріп, жаңа бағдарларды белгілейтін мықты да, алға қойған мақсатына табандылықпен жететін әйелдерді мақтанышпен ұсынамыз: 

Бас жүлде – тұрмыстық техниканы сатып алуға 1 миллион теңгелік сертификат - Талдықорған қаласынан келген Айша Наримбаева алды, ол мықтылықтың, көшбасшылық пен новаторлықтың символына айналды.

LW2A1958 копия.jpg
Негізгі номинациялардың жеңімпаздары: 

1. Агро-бизнеске қосқан үлесі үшін - Рахим Сейдалиев, Меркі. 
2. Бизнесті дамытқаны үшін - Эльмира Турегельдиева, Қызылорда. 
3. Шағын және орта бизнеске қосқан үлесі үшін – Жазира Дуйсебаева, Талдықорған. 
4. Әлеуметтік бизнес - Олеся Шамина, Ақтөбе.
5. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі - Айсауле Аманшы, Ақтөбе. 

Олардың әрқайсысы тұрмыстық техниканы сатып алуға 500 мың теңгелік сертификат алды. Сонымен қатар, 11 бизнес-ханым 100 мың теңге көлеміндегі көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды, тағы 4 жеңімпаз ЕБРР сарапшыларынан кеңес алу сертификаттарына қол жеткізді. 

LW2A1902 копия.jpg  LW2A1788 копия.jpg LW2A1574 копия.jpg

Біз әрбір қатысушыға осы кешті бізбен бөліскені үшін, сондай-ақ бизнес пен қоғамның дамуына үлес қосқаны үшін алғыс айтамыз. Әйелдерді алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруға шабыттандыратын жаңа жеңістер, жетістіктер мен сәттілік оқиғаларын асыға күтеміз. 

Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге толы болған кеш - KMF ISKER HANYMY 2024 премиясының қалай өткенін айтып беретін, ынталандыратын бейнемен бөлісеміз!