Сіздермен «Мектепке апарар жол» жобасы жөніндегі соңғы есеп беру ролигімен бөлісетін күнге де жеттік.
Garyshker қоры бастамашылық еткен осы бір ауқымды жобаның биылғы басты демеушісі KMF және KMF-Демеу болды. Өз тарапымыздан біз көмекке мұқтаж отбасынан, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден шыққан 750-ден астам баланы қамти алдық. Біз үшін бұл жай ғана әлеуметтік жоба емес екендігін атап өткіміз келеді, сондықтан біз оның үнемі рухани жағын де қалап келеміз.
Балаға көмек қолын созып, бақытқа бөлеу, оның қуанғанын, күлімдеген көздерін көру, арманының орындалатынына сенімділік беру баға жетпес дүние емес пе. Біз балалардың ішіне барлық қажетті керек-жарақ толтырылған рюкзактарын ашып жатқан кездегі қуанышты жүздерінің куәсі болдық және ата-ананың көзіндегі баласы енді білімге ден қоя алатын болады деген қуанышты көрдік.
Біз осындай жобалар болашақ бастамалар мен тұтастай алғанда қоғамның дамуына шабыт беретініне сенімдіміз. Балаларға шын жүректен сәттілік пен үздік бағалар тілейміз!