РУС user-profile-filled
Жаңалықтар / анонстар
Түркістанда KMF Банк пен «KMF-Демеу» қорының IX Агрофорумы өтті

3 қарашада Түркістанда KMF Банк пен «KMF-Демеу» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Өзгермелі орта жағдайында агробизнесті өркендету және ауқымын кеңейту» тақырыбындағы IX Агрофорум өтті. Гибридті форматта өткен форумға 800-ге жуық фермер, кәсіпкер және сала сарапшысы қатысты, оның 650-ге жуығы онлайн қосылды.

Қатысушылар өнімділікті арттыру, шығындарды оңтайландыру, табыстылықты өсіру, заманауи технологияларды енгізу және қаржыландыруға қол жеткізу мәселелерін талқылады. Форум аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілердің көрмесі өтіп, KMF өнімдері де таныстырылды. Сессияны «KMF-Демеу» қорының бас бизнес-тренері Алия Шарипова жүргізді. Соңғы жылдары KMF агрофорумдары Қазақстанның түрлі қалаларында аграрлық саланың екі мыңнан астам өкілінің басын қосты.

Я - финансовый советник.
Готов помочь!
Өтінім сәтті жіберілді