Жаңалықтар / анонстар
Ұзынағаш ауылында өткен іскерлік таңғы ас
Ұзынағаш ауылында өткен іскерлік таңғы асымыздың бөлісуге қуаныштымыз. KMF-Демеу қорының Бизнес-тренері Әлия Шарипова клиенттерге «Жақсы қызмет - жоғары табыс» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг қонақтары оған белсенді қатысып, сұрақтар қойып, интерактивті тапсырмаларға қуана жауап берді. Қатысушылар атап өткендей, тақырып көпшілікке таныс болды, бірақ олар өз жұмыстарында барлық жақтарын ескермеген, ал кейбіреулері тіпті қолданбаған. Сондықтан тренинг қонақтар үшін пайдалы болып шықты.
Кездесуге барлығы 30 астам адам қатысты, олар әртүрлі бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер.
Осы күнді бізбен бірге өткізгені үшін қонақтарымызға алғыс айтамыз!