



KMF және KMF-Демеу қоры сізді
«KMF Isker hanymy 2024»
«Бизнес-леди KMF 2024»
байқауына қатысуға шақырады!
Байқауды өткізу
мерзімі
20.06.2024 –11.08.2024
Байқаудың
ұзақтығы
1.5 ай
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
Кәсіпкер әйел
-
Өтінім беру және марапаттау сәтінде KMF-тің белсенді клиенті
3 өтелген кредиттің болуы
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде
«KMF Isker hanymy 2024» - 1 млн. теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат!
«Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«Әлеуметтік бизнес» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«ШОБ дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
Қазылар алқасынан арнайы сыйлық
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«KMF Isker hanymy 2024» байқауына өтінімдер 2024 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. Қорытындысы 2024 жылдың қыркүйек айында жарияланады
Өтінімді толтырып үлгеріңіз және көпшіліктің ықыласына бөленіп, бағалы сыйлықтарға ие болыңыз!
«KMF Isker hanymy 2024» жүлдесінің қазылар алқасы:
Шалқар Аманғосұлы Жүсіпов
KMF Басқарма Төрағасы
Bettina Wittlinger de Lima
Жоба жөніндегі Аға Менеджер/ МСБ гендерлік мәселелері жөніндегі сарапшы, Франкфурт Қаржы және Менеджмент мектебі
Гүлзира Амантурлина
Әлеуметтік Кәсіпкерлер Қауымдастығының Президенті, «Эльдани» қайырымдылық қорының Директоры
Қарлығаш Тілекқызы Райханова
Басқарма Төрағасының орынбасары
Елизавета Валентиновна Вязниковцева
KMF-Демеу қорының Жоба менеджері


Әрбір санат бойынша сыйлықтың критерийлері
Бас жүлде – «KMF Isker hanymy 2024»
- Бизнестің барлық бағыты бойынша Қазақстанның кез келген өңірінде кез келген бизнеспен айналысатын, үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан, өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел.
«Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы.
- Тұтынушылық мақсаттардан басқа, табыс көзі Агро болатын бизнес түрімен айналысатын, үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан, өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел.
«Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы.
- Тұтынушылық мақсаттардан басқа, бизнеспен айналысатын, үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан, өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
«ШОБ дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- Тұтынушылық мақсаттардан басқа, бизнеспен айналысатын, үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан, өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел. Егер клиенттің Микро және ШОБ өнімі бойынша алынған белсенді микрокредиті болса, ол ШОБ клиенті болып есептеледі. Берілген микрокредит сомасы 10 000 001 теңгеден бастап қоса алғанда 30 000 000 теңге дейін болуы қажет.
«Әлеуметтік бизнес» номинациясы.
- Бизнеспен айналысатын және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс орындарын ашқан, жаңа нарықты игерген, эко-туризмді және спортты дамытумен, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын және т.б. жетістіктерімен қоғамның өзгеруіне өз үлесін қосқан, өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел.
Қазылар алқасынан арнайы сыйлық
- кейін анықталады
*Қатысу ережелерімен толығырақ мына жерден таныса аласыз


Жиі қойылатын сұрақтар
1. Байқауға кім қатыса алады?
- Байқауға Қазақстанда табысты бизнес құрып, пайдасын ұлғайтқан және/немесе қосымша жұмыс орнын ашқан, сондай-ақ өсуге және дамуға шын жүректен ниетті KMF клиенттері – кәсіпкер әйелдер қатыса алады
2. Байқауға қатысу үшін не істеу керек?
- KMF-тің белсенді клиенті, кәсіпкер болу қажет
- Өз бизнесінің табыстылық тарихын айтып беруге, көпшіліктің ықыласына бөленіп, бағалы сыйлықтар алуға ниеті болуы керек!
- Өтінім толтыру керек.
3. Байқауға қатысу үшін өтінімді қалай беру керек?
- Байқауға қатысуға өтінім беру үшін https://kmfiskerhanymy.kz/kz/premium2024/ сілтемесі арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру керек
4. Мен байқау талаптарына сәйкес келетінімді қалай білемін?
- Егер Сіз кәсіпкер әйел, KMF-тің белсенді клиенті болсаңыз, KMF-те кемінде 3 кредит өтесеңіз, байқау жарияланған күннен бастап өткен жылда жалпы алғанда 15 күннен астам мерзімін өткізіп алу жағдайы болмаса, сіз байқау талаптарына сай келесіз. Сондай-ақ марапаттау сәтінде де клиент өтеу мерзімін жалпы алғанда 15 күннен асыра өткізіп алмауы қажет. Байқау талаптарына сәйкес келетініңізге көз жеткізу үшін өзіңіздің Жеке менеджеріңізге хабарласыңыз.
5. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатынымды қалай білуге болады? Егер Сіз:
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын ашсаңыз (мысалы, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету);
- Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына тауарлар мен қызметтер ұсынсаңыз (нашар көретіндер, мүгедектер және т.б.);
- Пайданың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсасаңыз;
- Халықтың/кәсіпорындардың әлеуметтік осал тобына жеңілдіктер мен қосымша қызметтер көрсетсеңіз;
- Қоғам үшін маңызды әлеуметтік іспен айналыссаңыз – мысалы, аз ақыға балабақша, ұзартылған күн тобын, ардагерлер мен зейнеткерлер үйін ашсаңыз және т.б. Сізді әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысады деп айтуға толық негіз бар.
6. Өтінімді толтырғаннан кейін маған хабарласа ма?
- Иә, бизнесіңіз туралы толығырақ білу үшін хабарласуы мүмкін немесе финалға үміткер ретінде іріктеп алынсаңыз, KMF қызметкерлері сауалнамадағы деректерді тексеру үшін бизнесіңіз орналасқан жерге баруы мүмкін. Ал жеңімпаз атансаңыз, сізден сұхбат алып, табыстылық тарихыңыз ақпараттық ресурстарда жариялануы мүмкін
7. Байқау қорытындысы қашан жарияланады?
- Ай сайын KMF Isker hanymy порталында және KMF-тің әлеуметтік желілерінде байқау туралы ақпаратпен таныса аласыз. Қорытындысы 2024 жылдың қыркүйегінде жарияланады.


Подробные правила участия
Ждем текст
- Ждем текст



