KMF және KMF-Демеу қоры сізді
«KMF Isker hanymy 2024»
«Бизнес-леди KMF 2024»
байқауына қатысуға шақырады!
Байқауды өткізу
мерзімі
20.06.2024 –11.08.2024
Байқаудың
ұзақтығы
1.5 ай
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
Кәсіпкер әйел
-
Өтінім беру және марапаттау сәтінде KMF-тің белсенді клиенті
3 өтелген кредиттің болуы
Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде
«KMF Isker hanymy 2024» - 1 млн. теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат!
«Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«Әлеуметтік бизнес» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«ШОБ дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
Қазылар алқасынан арнайы сыйлық
500 000 теңге сомасына тұрмыстық техникаға сертификат.
«KMF Isker hanymy 2024» байқауына өтінімдер 2024 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. Қорытындысы 2024 жылдың қыркүйек айында жарияланады
Өтінімді толтырып үлгеріңіз және көпшіліктің ықыласына бөленіп, бағалы сыйлықтарға ие болыңыз!
«KMF Isker hanymy 2024» жүлдесінің қазылар алқасы:
Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов
KMF Басқарма Төрағасы
Дана Зейнолла
Кредиттік және экожүйелік өнімдерді дамыту департаментінің Директоры
Асель Шегебаева
KMF-Демеу қорының Операциялық Директоры
Елизавета Вязниковцева
KMF-Демеу қорының Жобалар жөніндегі менеджері
Роза Авершина
Кәсіпкер, Red Dragon франчайзинг желісінің, сонымен қатар Good Food дұрыс тамақтану және жартылай фабрикаттар компаниясының негізін қалаушы, ICF менторы және коучы, трекер, өндіріс сегментіндегі салалық ментор. ЕҚДБ үздік менторы.
Әрбір санат бойынша жүлденің критерийлері
Бас жүлде – «KMF Isker hanymy 2026»
- Бизнестің барлық бағыты бойынша Қазақстанның кез келген өңірінде кез келген бизнеспен айналысатын, үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан
- өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
«Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- тұтынушылық мақсаттардан басқа, табыс көзі Агро болатын бизнес түрімен айналысатын
- үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан
- өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
«Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- тұтынушылық мақсаттардан басқа, бизнеспен айналысатын
- үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан
- өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
«Шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
- тұтынушылық мақсаттардан басқа, бизнеспен айналысатын
- үздіксіз пайда өсіміне қол жеткізген және/немесе қосымша жұмыс орындарын ашқан
- өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
- Берілген кредиттің сомасы 15 000 000 теңгеден асуы қажет
«Әлеуметтік бизнес» номинациясы.
- бизнеспен айналысатын және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс орындарын ашқан, жаңа нарықты игерген, эко-туризмді және спортты дамытумен, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын және т.б. жетістіктерімен қоғамның өзгеруіне өз үлесін қосқан
- өсуге және дамуға ұмтылатын іскер әйел
Қазылар алқасынан арнайы сыйлық
- кейінірек анықталады.
*Қатысу ережелерімен толығырақ мына жерден таныса аласыз
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Байқауға кім қатыса алады?
- Байқауға Қазақстанда табысты бизнес құрып, пайдасын ұлғайтқан және/немесе қосымша жұмыс орнын ашқан, сондай-ақ өсуге және дамуға шын жүректен ниетті KMF клиенттері – кәсіпкер әйелдер қатыса алады.
2. Байқауға қатысу үшін не істеу керек?
- KMF-тің белсенді клиенті, кәсіпкер болу қажет
- Өз бизнесінің табыстылық тарихын айтып беруге, көпшіліктің ықыласына бөленіп, бағалы сыйлықтар алуға ниеті болуы керек!
- Өтінім толтыру керек.
3. Байқауға қатысу үшін өтінімді қалай береді?
- Байқауға қатысуға өтінім беру үшін https://kmfiskerhanymy.kz/premium2026/ сілтемесі арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру керек.
4. Мен байқау талаптарына сәйкес келетінімді қалай білемін?
- Егер Сіз кәсіпкер әйел, KMF-тің белсенді клиенті болсаңыз, KMF-те 15 күннен астам мерзімі өтпеген кемінде 2 млн теңге сомасында кредитіңіз немесе кемінде 500 000 теңге сомасында депозитіңіз болса, сіз байқау талаптарына сай келесіз. Сондай-ақ марапаттау сәтінде клиенттің жоғарыда көрсетілген сомада белсенді кредиті немесе депозиті болуы қажет. Байқау талаптарына сәйкес келетініңізге көз жеткізу үшін өзіңіздің Жеке менеджеріңізге хабарласыңыз.
5. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатынымды қалай білуге болады? Егер Сіз:
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын ашсаңыз (мысалы, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету);
- Халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына тауарлар мен қызметтер ұсынсаңыз (нашар көретіндерге, мүгедектерге және т.б.);
- Пайданың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсасаңыз;
- Халықтың/кәсіпорындардың әлеуметтік осал санатына жеңілдіктер мен қосымша қызметтер көрсетсеңіз;
- Қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар іспен айналыссаңыз – мысалы, аз ақыға бөбекжай-балабақша, ұзартылған күн тобын, ардагерлер немесе зейнеткерлер үйін ашсаңыз және т.б.
Сізді әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысады деп айтуға толық негіз бар.
6. Өтінімді толтырғаннан кейін маған хабарласа ма?
- Иә, бизнесіңіз туралы толығырақ білу үшін хабарласуы мүмкін немесе финалға үміткер ретінде іріктеп алынсаңыз, KMF қызметкерлері сауалнамадағы деректерді тексеру үшін бизнесіңіздің орналасқан жеріне баруы мүмкін. Ал жеңімпаз атансаңыз, Сізден сұхбат алып, табыстылық тарихыңыз ақпараттық ресурстарда жариялануы мүмкін.
7. Байқау қорытындысы қашан жарияланады?
- Ай сайын KMF Isker hanymy порталында және KMF-тің әлеуметтік желілерінде байқау туралы жаңалықтармен таныса аласыз. Қорытындысы 2026 жылдың қазан айында жарияланады.
Подробные правила участия
Ждем текст
- Ждем текст