Бизнес білім

Көптеген кәсіпкерлердің кәсіби кеңесшілердің білімі мен тәжірибесіне қолы жете бермейді, бұл микро-кәсіпкерлерге тиесілі бизнестің өрлеуіне кедергі келтіреді. Бейқаржылық қызметтер бағдарламасы бизнестің сапасын жоғарылату мен оның даму қарқынын арттыруды мақсат еткен, кәсіпкерлерге арналған оқыту курсын ұсынады. KMF клиенттері үшін курс тегін.
Семинар төмендегі 5 модульді қамтиды:
- Бизнесті басқарудағы теңгерімдік есеп;
- Ақша ағынын тиімді басқару;
- Сату техникасы;
- Микро және шағын кәсіпорындарға арналған маркетинг;
- Адам ресурстарын басқару.
Семинарларда Сіз келесідей сұрақтарға жауап ала аласыз:
- Өз бизнесіңіздің табыстылығы деңгейін қалай арттыруыңызға болады?
- Жақсы мамандарды қайдан табуға болады?
- Табысты қалай дұрыс санау керек?
- Сатылымды қалай арттыруға болады?
Егер Сіз KMF клиенті болсаңыз, KMF кеңселеріне жүгіну немесе demeufund.kz. сайтынды өтінім беру арқылы семинарға жазыла аласыз.