KMF және «KMF Демеу» корпоративтік қоры жыл сайын кәсіпкер әйелдерге арналған ашық іс-шаралар өткізіп отырады. Солардың бірі - 2019 жылы «KMF Isker Hanymy» деген атау алған «Әйел және бизнес» конференциясы. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – әйелдерге бизнестегі жаңа дағдылар мен құралдарды үйрету. «KMF Isker Hanymy» конференциясы барысында жаңа іскерлік қатынастар қалыптасып, әлеуметтік байланыстар кеңейеді, еңбек нарығы қалай өзгеріп жатқандығы және оның кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер ұсынатындығы туралы ақпарат беріледі. 2006 жылы өткен алғашқы конференциядан бастап оған шамамен 2000 кәсіпкер әйел қатысты. Іс-шаралар еліміздің төрт өңірінде өтті.
Егер сіз «KMF Isker Hanymy»-на қатысуды қаласаңыз, www.demeufund.kz сайтына кіріп, өтінім қалдырыңыз.