Қазақстанда жарнамаға салынатын салық 2019 жылдан бастап енгізілді, алайда, кәсіпкерлерде әлі күнге дейін: қандай жарнамаға төлеу керек, қайсысы тегін болып табылады деген сұрақтар туындап жатады. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің көкейінде жүрген ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Қандай жарнамаға салық салынады?
19.12.2003 ж. №508-II «Жарнама туралы» Заңның 3-бабы 1-2-т. және ҚР СК сәйкес, егер ол елді мекендердегі ашық кеңістікте немесе автожолдарға бөлінген белдеуде орналасқан болса, сыртқы (көрнекі) жарнамаға салық салынады. Бұл:
-
билбордтар;
-
баннерлер;
-
стендтер;
-
стелалар;
-
жарық таблолары;
-
нұсқағыштар;
- афишалар және т. б. секілді объектілер болуы мүмкін.
ҚР СК 605-бабына сәйкес, жарнаманың орналастырылғаны үшін төлемақы мөлшері жарнама объектісінің өлшеміне байланысты болады. Баннердің, афишаның және т.б. ауданы неғұрлым үлкен болған сайын, төленуге жататын сома соғұрлым жоғары болады. Егер объект екі өлшемді болмай, мысалы, 2 немесе 4 жарнамалық жағы бар стела түрінде болса, онда объектінің әрбір жағы есепке алынады.
Егер жарнама автожол бойында және қалаға кіре берісте орналасса, ал объектінің бір жағының ауданы 3 шаршы метрден аспаса, онда төлемақы мөлшерлемесі 3-8 АЕК (елді мекенге жақын орналастырылуына қарай) құрайды. Егер объектінің бір жағының ауданы 3 шаршы метрден артық болса, онда мөлшерлеме объектінің нақты ауданының базалық 3 шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
Жарнаманы елді мекендер ішіндегі ашық кеңістіктерде орналастыру кезінде төлемақы мөлшері объектінің түріне және елді мекеннің санатына (республикалық, облыстық немесе аудандық маңызы бар) байланысты болады. Төлемақының нақты базалық мөлшерлемелерін ҚР СК 605-б. 3-т. білуге болады. Бұл ретте жергілікті билік өз аудандары шегінде әлдеқайда жоғары, бірақ базалық төлемақы мөлшерлемесінен 2 еседен аспайтын мөлшерлеме белгілеуге құқылы.
Төлем ай сайын келесі айдың 25-күніне дейін төленеді (ҚР СК 606-б.).
Сыртқы жарнаманы орналастыру ережесі Индустрия Министрлігінің 18.04.2019 жылғы №233 бұйрығымен бекітілген.
Қандай объектілер үшін төлеудің қажеті жоқ?
Кәсіпкер жария түрде орналастырған барлық ақпарат заң тұрғысынан алғанда жарнама деп таныла бермейді. Мысалы, мынадай объектілер:
- маңдайшалар (сапасына немесе бағасына назар аудартпастан, жеке тұлғаның немесе ұйымның қызмет түрі туралы ақпарат);
- жұмыс кестесі;
- егер олар арнайы бөлінген орындарда орналастырылған болса, афишалар (театр, көрме, спорт, бұқаралық спорт);
- брендтік құралдар мен авто;
- мұнай өнімдерінің түрлері және бағалары көрсетілген АЖҚС таблосы;
- мемориалдық тақталар;
- валюта айырбастау орындары маңындағы валюта бағамдары туралы ақпарат;
- терезелер мен витриналардың ішкі безендірілуі (соның ішінде декоративтік және мерекелік) сыртқы жарнамаға жатпайды, сәйкесінше, төлем енгізуді талап етпейді.
Кәсіпкерлерді жарнамалардың орналастырылуы мәселесі тұрғысынан кім және қалай бақылайды?
Жарнаманың орналастырылуын бақылаумен әкімдіктер жанындағы Қалалық жоспарлау басқармасы айналысады. Мемлекеттік бақылау келесі нысанда жүзеге асырылады:
- профилактикалық бақылау (әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді талдау);
- мақсатты тексерулер.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда кәсіпкерге 5 жұмыс күні ішінде ұсыным жіберіледі (қол қойдыра отырып немесе хабарламасы бар хатпен табыс етіледі). Кәсіпкердің:
- ұсынымға наразылық жолдауға (5 жұмыс күні);
- ұсынымды орындауға (10 жұмыс күні) құқығы бар.
Егер бұзушылық мерзімінде жойылмаса, объектіге тексеру жіберіліп, оның қорытындысына қарай ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынады:
- жеке тұлғалар үшін - 20 АЕК;
- шағын бизнес үшін - 30 АЕК;
- орта бизнес үшін - 40 АЕК;
- ірі бизнес үшін-100 АЕК.
Объект сыртқы жарнама объектісі болып танылған жағдайда, осындай объект табылған күннен бастап салық (төлемақы) қосымша есептелетін болады.
Кәсіпкер:
- жоғары тұрған мемлекеттік органға тексерушілердің іс-әрекетіне шағым жасау;
- сотқа жүгіну (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 157-б. 29-т.) арқылы өзінің құқықтарын қорғай алады.
Ақпарат көзі - MyBuh.kz интернет бухгалтериясы
https://mybuh.kz/useful/nalog-na-reklamu-kto-i-za-chto-platit.html
Жазылу үшін нысанды толтырыңыз