Қаржылық сауаттылық сабақтары
Бейқаржылық қызметтер бағдарламасы аясында «KMF Демеу» корпоративтік қоры отбасылық бюджетті басқарудағы қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі тегін бағдарламадан өтуді ұсынады. Бағдарлама 11 сабақты қамтиды. Кеңес беру барысында қол жеткізілген білім отбасылық бюджетті дұрыс басқаруға, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеуге, жинақтап үйренуге, қажетсіз шығындардан аулақ болуға көмектеседі.
Егер Сіздің отбасылық бюджетті қалай дұрыс басқаруға болатындығын білгіңіз келсе, www.demeufund.kz сайтына кіріп, сізге ыңғайлы болатын жерде орналасқан KMF кеңсесінен ауызша кеңес алу үшін өтінім қалдырыңыз. Сабақтарды онлайн режимінде де өтуіңізге болады.